
Кабиден
ПОДЕЛИТЬСЯ СТРАНИЦЕЙ
История солдата
Қабиден атамыз Енбек ауылында 1921 жылы дүниеге келген. Балтабай атамның кіші ұлы. соғысқа ата-анасымен қоштаса алмай кеткен. жарты қап бидай ұрлады деп жала жауылып, қамауға алынып, сол жағынан сұрапыл соғысқа алып кеткен екен. 1943 қаңтарынан қызыл әскер, №2134 эшелон, мин.ротада қызмет еткен. 25-28.ақпанда өкпесіне суық тиіп ауырған. 2 наурызда госпитальға түсіп, 24 наурызда қайтыс болған. атамыз 22 ғана жаста болатын.
Боевой путь
Воспоминания
Қабиден атам туралы естелік
Балтабай атамның кіші ұлы. Қабиден атам туралы мәлімет өте аз. жақсы адам болғаны сөзсіз. 22 жасында өмірден өтті.