Исмагулов Салахиден Убекенович
Исмагулов
Салахиден
Убекенович
старшина
1.12.1925 - 1.07.1981

История солдата

                Атамыз, Исмагулов Салахиден Убекенұлы (Ибрагим) 01 желтоқсан 1925 жылы Астрахан облысы, Қызыл Жар ауданы, Қазақ-Арал ауылында  Жанұзақ Жайық беріш Үбекен (Ибрагим) шалдың шаңырағында қарапайым отбасында дүниеге келген. Алдында арқа сүйер апасы және өзінен кейін бауырмал қарындасы болып асыл да ардақты анасы Жаудырдың мейіріміне бөленіп өскенін, үлкендерден естіген болатынмын.

         1943 жылдың 06-шы қаңтарында 18 жас боз бала уақытында Отан алдында борышын өтеу мақсатында атамыз Салахиден соғысқа аттанады. Үйде қос бауыры мен жалғыз анасы баласына ақ жол тілеп қала береді.

         Осы жылдан, яғни 1943 жылдың қаңтар айынан-1945 жылдың мамырына дейін 33-ші атқыштар дивизиясында қызмет етті. Бұл дивизия Ұлы Отан соғысы кезінде 1941 жылдың 22 маусымынан 1944 жылдың 14 желтоқсанына дейін және 1944 жылдың 31 желтоқсанынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін ұрыс қимылдарына қатысып,  жауға бермей, азат етуге орасан үлес қосты.        

1945 жылы жарақат алған атамыз, Берлинде госпитальда жатым ем алады. Кейін осы жылы 1947 жылдың шілде айына дейін "Шекара және ішкі күзет КСРО Ішкі істер халық комиссариатының Саратов әскери училищесінде ".оқыған.

1947-1949 жж.соғыстан кейін аталған училищенің офицерлері мен курсанттары Батыс Украинада және Балтық жағалауындағы ұлтшыл құрылымдармен күрес жөніндегі әскери операцияларға қатысты.

1947 жылдан 1951 жылға дейін Берлинде орналасқан. 105-ші атқыштар полкінде (в/ч,п/п 70803) әскери қызметте болды.

            Елге оралғаннан кейін де өмірінің соңына дейін адал қызметте болды.. 

1952-1958 жылдары ауданымыздың Зормата селосында Қызыл отау меңгерушісі, орта мектептегі есеп жүргізуші, байланыс бөлімшесінің бастығы міндеттерін атқарса, 1958-1962 жылдары Зормата ауыл советінде секретарь. Киров атындағы совхозда есепші,1962-1968 жылдары Киров, Калинин, Құрманғазы атындағы совхоздарда жұмысшылар комитетінің председателі, кейіннен ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің председателі қызметінде болды.

Одан қалса Қазақ Мемлекеттік университетінің Заң факультетін сырттай оқып бітіріп, 1968-1971 жылдары Теңіз аудандық прокуратурасының тергеушісі, 1971-1975 жылдары Қызылқоға ауданының прокуроры. 1975 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін (1981 ж)Теңіз ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Регион Астраханская область
Воинское звание старшина
Населенный пункт: Красноярский район
Место рождения с.Казах-Арал
Годы службы 1943 1950
Дата рождения 1.12.1925
Дата смерти 1.07.1981

Боевой путь

Место призыва Астарханская обл.Красноярский р-н, с.Казах-Арал
Дата призыва 1943
Боевое подразделение в/ч,п/п.70803
Завершение боевого пути г.Берлин
Принимал участие Операции

Фотографии

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: