Какенов Арипжан
Какенов
Арипжан

История солдата

Соғыс туралы әңгіме  қозғалса, есіме ата-анам айтқан  әңгімелері еске түседі. Омарғажы, Әріпжан,  Саржан аталарым сұрапыл соғысқа, өз жерін, елін,Отанын қорғауға аттанған. Бұл соғыстан Әріпжан атамның інісі Саржан атам хабарсыз кеткен. Қайда шайқасқаны, қайда жерленгені туралы еш хабарымыз жоқ. Әже, апаларымыз  ол кісілерді өле-өлгенше  келіп қалар деген үмітпен күтумен болған.  Әріпжан атам 1921 жылы дүниеге келген. Анасы дүниеге жиырма бір құрсақ әкелген екен. Оның үшеуі, яғни Әріпжан атам мен бауыры ғана тірі қалған деседі. Басқа бауыр – қарындастары түрлі ауыр ауырулар мен шешектен қайтыс болған екен. Күні кеше толарсақтан саз кешіп, мұз жастанып, отпен оқтың ажалдың аузынан аман – есен оралып, Отанымыздың болашағы үшін еліміздің етегі жабылып есін жиғанша, еңбектен қол үзбеген атам мен Жұмабике әжем екеуі бас қосып, дүниеге 11 бала әкеліп, қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға  шоқтырмай өсіріп, білім мен өнегелі тәрбие бере білді.

Әріпжан әулетінде 11 бала тәрбиеленіп, одан 32 немере, 32 шөбере сүйіп отыр.Атам  мотострелковый полкте болған. Түрлі жарақаттарды да алған. Жарасы дер кезінде дұрыс емделмей, ғұмырының соңына дейін біраз қиналды.  Ал  Омарғажы, Әріпжан аталарым бірге барып,бірге аман-есен үйлеріне 1947 жылы қайтып келіп,ардагер атанған. Он үш балаға қамқор әке Соғыстың 55 жылдық жеңіс тойына орай атама «Соғыс ардагері» омырау белгісін тарту етті. Атам өмірден қайтқанда мен бар жоғы 2 жаста болатынмын. Анамның айтуынша ол кісі өрелі мінезді, нар тұлғалы сымбатты жан болатын. Айналасындағы жандар ол кісінің қас қабағын аңдитын. Себебі, ол кісінің көңілін табу қиын. Бірақ, жүрегі кең, өте мейірімді жан болатын. Сәлемін беруге келген үлкен – кішіге батасын беріп, жылы жүзімен шығарып салатын. Дін жолында болып, кішігірім ем – дом жасап та қоятын. Аңшылық, серілік құрып домбырасын дыңғырлатып, ән салып, тіпті кезек – кезек балаларына да ән айтуды дағдыландырып әдетке айналдырып та қоятын дейді. Қилы кезеңдерді артқа тастаған атам 2000 жылы,79 жасында дүниеден озды. Өзі іргесін қалауға ат салысқан Ақшәулі ауылында жерленді.Жұмабике әжем туралы кеңінен айтып кеткім келеді.Себебі,әжемнің тағдыры қиын болды.Басынан кешкен қатал сәттер бір  кино түсіруге  тұрарлықтай.Менің әжем Какенова Жұмабике Мұхамәдиқызы 1927 жылы Ақшәулі өңірі, Мырзаян колхозында дүниеге келген. 1941 жылы әжемнің ағасы соғысқа кеткенде, ол кісі інісі мен сіңлісіне қарайласты. Ауылда  бала – шаға мен әйелдер қауымынан басқа ер – азаматтардың барлығы бірдей майданға аттанды. Ауылдағы әйелдерге  өте ауыр күн туды. Барлық жұмыстарды өздеріне атқаруға тура келді. Әжем бар жоғы он үш – ақ жаста                еді. Сол кезден бастап, қол орақпен шөп шауып, қырман бастырған. Әжемнің айтуынша: «Мың бас қойды  Ақшатау ауылына жаяу жүз шақырымдай жерге, аяғымда жыртылған пимама қар кіріп, сондай қиыншылықтармен айдап апарыстым, түнде қойларды қасқырдан қорғау үшін, от жағып, түнімен ұйқы көрмей, қорқынышпен түндерді өткіздік... Соғыс күндердің қатал да, ызғарлы күндерінде бауырым мен сіңілімді аш қалдыруға да болмайды. Сол кезде бір уыс бидайды екеуіне бөліп беріп өзімнің аш қалған кездерімде болған... Сталиннің «кімде кім бір  пұт бидай, сұлы, басқада астықты ұрласа, ол адамдар сотталады» деген қатал заңы шыққан кезі еді. Сол уақытта адамдардың аштықтан көз жұмғандары да болды, кейбіреулері ұрлық жасап, сотталып та жатты. «Карточка» кезі болатын, нан кезегіне  таңғы төрт кездерінен бастап кезекке тұрып, шамасы келгендер алады, жасы кішілер ала алмайда қалатын». Басынан небір қиыншылықты кешсе де, қарапайымдылық пен салмақтылықты.Мынау Брежнев берген медалі серік етіп келеді. Бүгінде әжем  еліне сыйлы, ақжаулықты ана, «Тыл ардагері», «Еңбек ардагері», «Алтын белгі»   иегері атанған әжем бүгінде 87 жаста немере  шөберелерінің арасында қызыққа бөленіп отыр. Ардагер атам мен әжем жайлы осылай сыр шерткенім перзенттік парызым деп білем.

Регион Республика Казахстан
Населенный пункт: Семей

Награды

Награды Какенова Арипжана

Награды Какенова Арипжана

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: