Оспанов Есен Оспанович
Оспанов
Есен
Оспанович

История солдата

Менің атам Оспанов Есен Оспанұлы 1918 жылы 10 наурызда Октябрь ауданы (қазіргі Шал ақын) Жалтыр ауылында туған. Әскерге 1939 жылы Петропавл қаласындағы мұғалімдер даярлайтын мектептің 3-ші курсында оқып жүргенде 21 жасында алынды. Ленинград облысы Красногвардейск қаласындағы арт.полковой мектебінде оқып жүріп, 1939-40 жылдары Ақ финдермен соғысқа қатысты. Фин.соғысы аяқталғаннан кейін, Грузияда әскери қызметті жалғастырып жүріп, 1940-41 жылдары арнайы мектеп «АИР»- да оқып бітіргеннен кейін,1941-42 жылдары сол мектепте сабақ берумен бірге старшина батарея қызметін атқарды.

Ұлы Отан Соғысына 1942-43 жылдары Ленинград майданы, Подстарый Русь қаласында қоршауда болып, оны азат етеді.( 63 армия қарауында)

Содан 1943-44 жылдары Брянск-Самолинск майдандарында болды. Сол қалаларды жаудан азат етті.

1943-44 жылдары І, ІІ, ІІІ- ші Белорусс майдандарының қарамағындағы түрлі часттарда болып, жауды туған ордадан аза ете отырып, Польшадан қуып, фашисттің өз жерінде атой  салды.

Батыс Прусия, Кенберг қаласын 1944 жылдың 16 апрелінде алды.

1943-44 жылдардағы шайқастарда Днепр, Сож, Друт өзендерінен өтудегі ерліктері үшін, жоғарғы қол басшы Ставканың Сталиннің приказы бойынша мақтау, благодарностімен наградталды. «Багратион» шабулы «Бабрунск» қоршауындағы қаланың коменданты генерал майорын тұтқындағаны үшін «за боевые заслуги » медальмен нарградталды.

1945 жылдың 2 мамырда Берлиннен 60 шақырымдағы Шприл өзенінің бойында жеңіске жетті.

Елге 1946 жылы оралды. Соғыстан кейін еңбек жолын 1946 жылы ауылдағы бастауыш мектептің мұғалімі, кейін зав. школы болуда бастады. 32 жыл жас буын тәрбиелеп, 1978 жылы 60 жасында құрметті демалысқа шықты.

1996 жылы 15 желтоқсанда қайтыс болды.

Регион Республика Казахстан
Населенный пункт: Петропавловск

Награды

Фотографии

Автор страницы солдата

История солдата внесена в регионы: