Тулешов Салмырза
Тулешов
Салмырза

Рядовой / Кузнец походной образно-ремонтной мастерской
1905 - 1996

История солдата

САМАЙ КЕРЕЙ ТУРАЛЫ
Қазақ, оның ішінде Қапсыт шежіресін іздестіру барысында облыстық «Ленин туы» (қазіргі «Солтүстік Қазақстан») газетінде жарияланған мына мақала қағаздарымның ішінен шықты. Кейбір тұстары мен жинақтаған шежіремен  қатыспаса да оны кітапқа енгізуді жөн көрдім.
Мен, Төлешұлы Салмырза, 1905 жылы Аралағаш деген жерде (қазіргі «Озерный» совхозы, Жамбыл ауданы) туғанмын. 1930 жылдан бері Ақбалық ауылында тұрамын. Бұл да жоғарыда аталған шаруашылыққа қарайды.
Өзім «Ленин туы» газетін көп жылдардан бері жаздырыпалып, үзбей оқып  отыратын кісімін. Газет соңғы кезде шежіре жайында жиірек жаза бастады. Шынында да, кездесе қалған қазақтан қай туыс екенін сұрасаң, недерін білмей, бедірейіп тұратындары бар. Енді біреулер, мәселен, «кереймін» дейді де, оның ішінде қай атадан тарайтынын айта алмайды. Тіпті ру орнына совхозының атын көлденең тарататындар да аз емес.
Біз мекен етіп отырған жерде негізінен менің өзімнің аталас самай керейдің ұрпақтары тұрады. Олардың көбі, әсіресе жастар жағы, жеті атасын білмейді. Қайдан білсін не ауызша айтып, не жазып беріп түсіндірушісі, үйретушісі болмаған соң. «Ленин туында» басылған шежірелерде де біздің аталарымыз туралы мәлімет жоқтың қасы болып шықты.
Біздің ауылда Құсайынұлы Бекі деген ескілікті әңгімені көп білетін, шежіреші қария бар еді, 1980 жылы 92 жасында қайтыс болды. Мен сол кісіден естіп, жазып алғандарымды баспасөз арқылы ағайынның алдына тартпаққа бекіндім.
Сонымен, аталарымызды таратуға көшейін.
Біз керей ішінде тарышымыз. Одан беріде Ысмайыл әулетіне жатамыз. Бұрын Қызылжар оязына қараған Ысмайыл болысы деген болатын. Бұл әкімшілік –аумақтық бөліністің аты біздің осы атамыздың есімімен алынған.
Ысмайылдан Ақсары, Күрсары, Еменалы, Тезағай туған. Тезағай – біздің атамыз. Одан екі жүйе бөлінеді: Самай және Матақай.
Самайдың шын аты -  байтеке. Марқұм Бекінің айтуынша, бұл атамыздың самайында жас кезінің өзінде ақ шашы болған екен, сол себепті «Самай» деп аталып кеткен.
САМАЙДАН туғандар -  Бақы, Шуай, Шағалақ, Алдаберді. Жанкісі, Толыбай, Аткелтір (Қапсыт), Жанбура.
Бұл сегіз ата самайды толық тарататын мүмкіндік менде жоқ. Тек өз атам жанбурадан өрбіген ұрпақтарды біршама толығырақ көрсете аламын және аздап та болса Аткелтір балаларынан мағлұмат беруіме болады.
Сонымен, ЖАНБУРАДАН туғандар – Құдайқұл,Қожамқұл, Қожамберді, Жарылғап, Сары (Қаражігіт).
Қожамқұлдан – Жанкөбек, одан – Самырық, одан -  Есеналы туған. Есеналыдан -  Сәттібай, Меңдібай, Теңеш. Сәттібайдан – Жанқанат, Шәймерден. Жанқанаттан – Ескен, Шәймерденнен – Сағымбай, Мырзан. Есеналының бір тармағы осы. Екінші тармағы Меңдібайдан басталады. Одан үш бала туған: Байкерей, Диқан, Төлеш,. Байкерейден – Есқожа. Төлештен – Салмырза. Есеналының үшінші тармағы -  Теңеш балалары. Теңештен Байқуаныш туған. Байқуаныштан – Бимырза, Пышан, Қақан, Зікірия. Бимырзадан – Сәлкен. Қақаннан – Сенбай.
Енді Жанбураның Қожамбердісінен тараған ұрпақтарға көшейік. Қожамбердіден Бәйімбет, Қосшығұл туған. Қосшығұлдан – Ермек. Бәйімбеттен – Ахмет, Мәмбет. Ахметтен – Тастанке, одан – Кәкімжан. Мәмбеттен – Сәду, одан – Қалихан.
Жанбураның тағы бір баласы Жарылғаптан туғандар – Мырзатай, Тәңірберді, Жанназар, байназар, Дина-Көшке.
Бұлардың ішінде шежіреде көбірек таратылатындары – Байназар балалары, Байназарда Қараменді, Жанменді деген екі ұлы болған. Жанмендіден Аю мен Тұрлыбек туған. Аюдан – Бөлек, Төлек, Мәтен. Бөлектен – Мекіш, одан Құсайын, Құсайыннан – Бекі, Сәкен, Қамза, Қари. Бекіден – Қайыржан. Сәкеннен -  Болат. Қамзадан – Абай. Қаридан – Бейсен. Төлектен -  Арықпан, Әтіш. Арықпаннан -  Ілияс, одан – Сәрсенбай, Бейсенбай, Әтіштен – Мұқан. Мәтеннен – Сибанбай, одан – Мұхаметқали, Сүлеймен, Сұлтан, Мұрат, Қажымұрат, Зікірия. Енді Жанмендінің екінші баласы Тұрлыбекті таратайық. Тұрлыбектен үш ұл туған: Күдербек, Темірбек, Құрымбай. Күдербектен – Тілепбай, Тілеміс, Көшкінбай, Шоқан. Тілемістен -  Құдабай, одан – Шамқайыр, одан – Аманжол. Тілепбайдан – Нұрмұқан, Сақтанбай. Нұрмұқаннан – Мереке. Тұрлыбектің екінші баласы Темірбектен Тайжан мен Байжан туған. Тайжан балалары – Әбіш, Сәдуақас, Дәруіш, Мөкен, Тұрлыбектің үшінші баласы Құрымбайдан жеті ұл туған. Олар – Жапаш, Сәтке, Төре, Әбіз (Әйтіш болыс).Нұрғожа, Байғожа, Сәбит.
Осы араға дейін Жанбура тұқымдарынан таратылмай қалғаны Мырзатай (Жарылғап баласы) әулеттері ғана. Бұлар 1930 жылға дейін өз қыстауы болған Аралағашта тұрады қазір. Бекі марқұмнан қалған шежіре бойынша, Мырзатайдан Айдабол, Қармыс деген екі ұл туған. Айдаболдан -  Жырын, Лақ.Жырын – би болған кісі. Оның ұрпақтары Жарқын да тұрады. Жырын биден кейінгі Сүйіндіктен екі ұл – Сағымбай мен Биттіғұл. Сағымбайдан – Мәлік, одан- Сайлау. Биттіғұлдан – Қоспан, одан – Құбай.
Айдабол баласы Лақтан екі ата – Арбағұл мен балға тарайды. Арбағұлдан – Жарқын, Айтбай. Жарқыннан – Омар, Оразбек, Оразалы. Оразбектен – Оралбай, одан – Жомарт. Оразалыдан – Бірлік (Бікен).Шаһмеден. Лақтың екінші баласы Балғадан туғандар -  Игібай, Дүмбілбай, Бекбай. Шілікбай, Көпей. Дүмбілбайдан -  Түкаш, одан – Самарқан. Бекбайдан – Молдағали, одан Қалиасқар. Шілікбайдан – Уәли, одан – Аспандияр. Сәрсенбай, Көпейден – Есмағанбет, Мерген, Есмағанбеттен – Амангелді, Жылгелді, Жұма, Жұмағали, Әубакір, Құрмаш.
Біздің Ақбалық ауылында Самайдың (Байтекенің) Толвбайынан және Аткелтірінен тарағанұрпақтар да тұрады. Сонымен бірге Ақсары балалары да бар.
Толыбайдан бертінгіүш ата – Нұрпейіс, Кенже, Мұса. Нүрпейістен – Рақым, Әбілқайыр, Рақымнан- Мәдани. Әбілқайырдан – Майдан. Кенжеден – Жетпісбай, одан -  Сералы, одан – Серік, Мұсадан – Сағындық, одан -  Оразалы, одан – Тұрғын.
Аткелтір (Қапсыт) балалары: Сары, Телі, Анда, Құтты, Қараша. Сарыдан – Балықбай, Шақабай, Байтоғай, Жылқайдар. Теліден – Кіжікей, одан Махамбет, Сұраған,Қиынды, Ержан, Махамбеттен – Арғын, одан – Арыстанбек. Сұрағаннан – Жорта. Ерғали, Нұрғали. Қиындыдан – Қошқарбай, Алдай, Құрмаш. Ержан балалары «Озерный» совхозында, сондай-ақ Троебратта тұрады. Сары балалары, Телі мен Андадан өрбігендердің көбі Қарақамыс пен Жалтыршада, қалғандары Ресейдің Қорған, Омбы, Түмен облыстарында Құттыдан Айтқұл, Байғұл туған. Байғұл балалары өзіміздің Ақбалықта тұрады. Байғұлдан Көтібақ, одан Сегізбай, Тоғызбай туған. Сегізбайдан Өмірзақ,одан – Жұдырық, одан – Мұстафа, одан – Исқақ, одан – Ғазез, Тоғызбайдан- Байсалды, одан – Жұсып, одан – Есентемір, Аманғали. Есентемірден Кәрім туған.
Жоғарыда мен Ақбалықта Ақсары керейдің ұрпақтары тұратынын айтқанмын. Бұлар Нұрымбеттің Есенбақты, Құлтаба деген балаларынан тарағандар. Есенбақтыға жататындар – Байқадам мен Оңғар болса, Байқадамнан Шәлтен, одан Тортай, Бәраш туған. Ал Оңғарбайдан – Шәйке, одан- Қуандық, одан – Оразай.
Құлтаба балалары  Нұрымбет ауылында (қазіргі Троебратқа қарайтын Западное селосы) тұрады. Ал Ақбалықта тұратындарының тізбесі былай: Байкеш, одан – Мәкетай, одан – Рүстем, Қосай, Қайрат.
Сонымен, құрметті оқырман, мендегі шежіренің нұсқасы осындай. Мен мұны тоқсанға жақындап қалған шағымда балаларым, немерелерім, басқа да туысқандарым өздерінің арғы тегін, тым болмаса жеті атасын білсін дегенниетпен жаздым.

Регион Республика Казахстан
Воинское звание Рядовой
Населенный пункт: Петропавловск
Воинская специальность Кузнец походной образно-ремонтной мастерской
Место рождения Совхоз Озёрный, п. Аралагаш
Годы службы 1941 1945
Дата рождения 1905
Дата смерти 1996

Боевой путь

Место призыва Пресногорским РВК Кустанайской области
Дата призыва 11.1942
Боевое подразделение 316 интендантского отдела
Принимал участие В отечественной войне
Госпитали Был тяжело ранен в октябре 1942, легко ранен в ноябре 1943 году

Рядовой Тулешов на Фронтах Отечественной войны с 1941 года, сперва в составе 1220 сп.658 ОД, где в боях за Родину был тяжело ранен, справка о ранении 24 зап.сп.&20-10/О42 от 20.10.1942 года, а затем в 1122 сп, где  вторично был легко ранен в 1943 году. За ранения не награждался. С апреля 1944 года тов. Тулешов работает в походной образно-ремонтной мастерской 316 в качестве кузнеца. За период работы в 316 показал высокое качество в изготовлении подков, систематически выполняя нормы выработки на 100%. Тов. Тулешов за пролитую кровь в борьбе за Родину и проявленную инициативу в работе достоин представленной награде "ордена Красная Звезда"! ( отрывок взят с наградного листа)

Воспоминания

Спасибо деду за победу!

Я всегда воспринимала Великую Отечественную войну как огромное горе, как трагедию миллионов людей. особенно когда отец рассказал нам о нашем прадеде - рядовой Тулешов Салмырза- прошедшем боевой путь с первого до последнего дня войны, где был дважды ранен(
Немного вещей, у которых есть свое место в нашем доме, могут рассказать о судьбе моего прадеда. Остались фотографии, боевые награды, которая передается из поколения в поколение. Сохранились фотографии наградного листа, где описывают его подвиги! Я очень горда, что у меня был такой дед и он навсегда в наших сердцах!

Автор страницы солдата

История солдата внесена в регионы: