
Жаксыгали
Жаманшаулы
ПОДЕЛИТЬСЯ СТРАНИЦЕЙ
История солдата
Жаманшиев Жаксығали Жаманшаұлы 1922 жылы 6 мамырда Гурьев облысы дүниеге келген. 1941 жылы қараша айында Құлсары әскери бөлімшесінен армия қатарына шақырылды. Елімізді жаудан азат етуде №8 гвардиялық атқыштар батальонында, №181 85 атқыштар полкінде жан алмай күресті. Варшава, Берлин қалаларын азат етуге қатысқан. Ұлы Отан соғысындағы еңбегі ІІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, "Ерлігі үшін", "Берлинді алған үшін", "Варшаваны азат еткен үшін", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған.
Ж.Жаманшиев соғыстан 1947 жылы жеңіспен елге оралып, соғыста күйзедген халық шаруашылығын қалпына келтіруге үлес қосқан.