Жетпісбаев Қақабай
Жетпісбаев
Қақабай

История солдата

Жетпісбаев Қақабай 1916 жылы 1 қаңтарда, Екібастұз ауданы, Ақкөл совхозының ІІ бөлімшесі Он бірінші ауылында дүниеге келген. 1991 жылдың 21 қаңтарында дүниеден өтті. 1939 жылы Филяндиямен болған соғысқа қатысты. Ұлы Отан соғысының басталуын Псков қаласының түбінде қарсы алып, «Великие Лука» түбіндегі қиян-кескен ұрысқа қатысты. Бірінші Украин майданы құрамында Висла мен Одер өзенінен өтердегі ұрыстарға, Латвия, Берлин, Польша, Чехословакияны азат етудегі ұрыстарда болған. Прага қаласын азат етумен лейтенант офицерлік лауазымында аяқтайды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерліктері үшін І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Праганы азат еткен үшін», «Берлинді алған үшін», «Германияны жеңген үшін» және бірнеше медальдармен марапатталған.

Жетписбаев Қақабайдың немересі  Жетписбаева Акмарал Кунаевна

№23 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі.

Регион Республика Казахстан
Населенный пункт: Экибастуз

Фотографии

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: