
Абсеит
ПОДЕЛИТЬСЯ СТРАНИЦЕЙ
История солдата
Жұмасейітов Әбсейіт Құлпейісұлы 1916 жылы Қосшыңырау ауылдық Кеңесінде туған. Колхозшы. 1938 жылыәскерге шақырылды. 1939 - 1940 жылдары Фин соғысына қатысты. Ұлы Отан соғысында Украина қалаларын азат етуге қатысты. 1945 жылы шілдеде елге оралды. Әскер шені - аға сержант. Соғыста төрт рет жараланған. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін екі "Отан соғысы" орденімен және ІІІ дәрежелі "Данқ" орденімен наградталды.