Абалаков Мухамади Абалакович
Абалаков
Мухамади
Абалакович
Ефрейтор
9.03.1912 - 2005

История солдата

Ерлігі ерен, рухы мәңгілік! Отан соғысының ізінде әлі де ашылмай жатқан ақиқаттар, еленбей қалған ерліктер, елеусіз жатқан ерлер қаншама?! Ұлы Жеңіс қастерлі ұғым. Өйткені бұл – ерлік пен елдіктің, батырлық пен өжеттіктің мейрамы. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Соғыс туралы әңгіме қозғалса, есіме жарықтық Оралбек әкемнің, Әскерхан ағамның Абалақов Мұхамади атам жайлы айтқан әңгімелері еске түседі. Сұрапыл соғысқа біздің ауылдан майданға талай жан аттанған. Соғыста хабарсыз кеткені де қаншама. Катонқарағайдан аттанған жандар саны қаншама десеңізші. Атамыз өзінің туған інісі Солтанғазы атамыз екеуі де бір үйден қан майданға аттанған еді. Мұхамади атам Еңбек ауылындағы ең соңғы ардагердің бірі болып ел есінде қалды. Атамыз 1912 жылы ШҚО, Катонқарағай ауданы, Еңбек ауылы бұрыңғы Таңба ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Өмірде қайратты, қайсар, еңбекқор жан болған. Жарықтық Нұрлықа апамыз екеуі 5 бала тәрбиелеп өсірген.Үлкені Нұрзиға апайымыз бүгінде 70 жастан асты. Екінші марқұм Әскерхан ағамыз одан кейін менің марқұм әкем Оралбек төртінші Самарбек ағамыз талай жыл совхозда тракторшы болған бүгінде Катонқарағайда тұрып жатыр. Кенже ұлы Базарбек ағамыз ауылдағы жалғыз мал дәрігері. Алтайдың баурайында орналасқан Еңбек ауылынан майдан шебіне аттанған Мұхамади атам оң жамбасында қалған оқтың жарықшасының өзін қалай тигенін, сұм соғыста басынан өткерген қиыншылықтарды айтып әңгімелеп отырушы еді. 13 жас кезімде есімде 7-8 оқитын кезіміз жарықтық атамыздың бірде сұрапыл соғыс туралы айтқандарын естігенім бар еді. Бірде жау шебінде қоршауда қалып, 1 апта бойы қақаған қыстың уақытында Украина түбіндегі шайқаста қалай жаумен қақтығысқандарын айтып беріп еді. Көз алдына сол күндерді елестеткен қарт атам қатарлас майдандастарының көз алдында жан тапсырғанын айтып ауыр бір күрсініп, жекпе-жек бір немістің тыңшысынан өш алғанын әңгімелеп берді. Қаншама жау танкісімен бетпе бет келгенде көз алдына сол майдандастарының бейнесі келіп, гранатамен олардың да көзін жойған сәттері өлім мен өмір арасындағы арпалыстар еді дейді атамыз. Қатарлас майдандастырының ішінде әсіресе қазақстандық қара көз майдандастарын үнемі олардың жасаған ерлігін айтып, марқайып отыратын. Атамның айтуынша әсіресе атты әскер, барлау шебіндегілердің басым көпшілігі қазақтар болған екен. Бәрі де ауылдан шыңдалып шыққан қандай қиындық болмасын, табиғаттың қай мезгілі болмасын төзімді әрі қарулы, шетінен мерген еді дейді. Сонау батыс майдан шебінде Украина даласында Берлинге дейін жаудың шебін бұзып тойтарыс жасаған қазақ жауынгерлерін үнемі айтатын. Қазақ майдандастарының қайтпас ер жүректіліктерін өз көзімен көрген атамыз да қайсар сарбаздың бірі болған. Зыряннан Өскеменге дейін вагондармен бірге келген жерлестерін қалай қимай ары эшалонға бөлініп тарқағанын ерекше еске алды. Катонқарағайдың өзінен бес мыңнан астам адам аттанған. Катонқарағайдан аттанған жерлестерінің өзі вагонға сыймай келгендерін айтып, ел мен жермен қош айтысып, мінген вагон бәрі үшін ыстық екендігін де жеткізді. Сол вагон біреу үшін қайта оралатындай көрінсе біреуге оралмайтындай болды дейді қатты күрсініп... 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, 4-ші Украина майданының атқыштар полкының артилеррист қатарында ефрейтор да болды. Атамыз жастайынан мерген болған. Соғысқа дейінгі шағында аңшылықтың қыр-сырын білген жанның бірі болған. Мылтық атуды тез меңгеріп кеткені де сондықтан. Мұхамади атам Ұлы Отан соғысына аяғына дейін қатысып, I, ІІ, ІІІ дәрежелі «Даңқ», І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік қызметі» және басқа да көптеген медальдармен марапатталған. Бұл марапаттауларды кеудесуі толған ордендерінен көретінбіз. Әр мейрам Жеңіс күні атамыз үшін ең айтулы шақтар болатын. Отан алдындағы борышын адал атқарғандығының белгісіндей бұл марапаттаулардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Оқ пен оттың арасында жүріп, арпалысқан ауыр күндерін марқұм атамыз терең күрсініспен есіне алып отыратын. Бала кезімнен есімде алған атамыздың айтқан әңгімелерінен сол естеліктерін жаңғыртайын. Иә, сонау бір сұрапыл соғыс жылдарында аталарымыз қанша жерді азат етті десеңші. Ең бастысы, бұл қасіретті шақ артта қалды бүгінде. Жыл сайын қатары сиреген жандар бүгінде саусақпен санарлық қана. Ауылымыздағы ең соңғы Ұлы отан Соғысы ардагері болып халықтың жадында қалған атамыздың жарқын бейнесі ел есінде қалды. Сол шақттарда ауылдан майдан шебіне келген жас жігіттер кешегі қырмандағы жұмыстан бірден майданның алдыңғы шебіне түссе де, қазақ баласына сай ерліктерімен көзге түскен ардақты жандар еді. Ауылдағы әр отбасының асыраушысы, қамқоршысы болған қаршадай бозбалалардың сұрапыл соғысқа аттануы дүйім ауыл үшін үлкен өкініштер болды. Бір отбасынан аға-інілі, бір ауылдың еркек кіндіктелерін майданға аттандырған сол сұрапыл уақыттар ауыл жұртының жадында қалғаны белгілі. Ес біліп қалған кезімнен бастап мен атамның әңгімелерін тыңдауға құмарттық. Жыл сайын бала болсамда қаладағы оқудан ауылға каникулға 7-8 сынып кезімізде барғанымда атамыздың үйіне барғанымда естеліктерін айтып беріп отыратын. Алғашқыда атам атқыштар полкінде болып, кейін мергендігімен көзге түсіп, талай барлауларға аттанған екен. Ұлы Отан соғысының отты күндерінің алғашқы сәтінен, 1941 жылдың жазында Орталық майданда ауыр артиллерияның зеңбірекшілер қатарында болды. Зеңбірекшілердің қатарындағы ефрейтор атамыз ат айдаушы да болған екен. Соғыс уақытындағы аттардың өзі соғыс жағдайына үйреніп, бірге азап шеккен. Жарықтық атам сол артиллерияда жүріп соғыс даласындағы шеберліктерді қалай үйренгенін, ауыр зеңбіректерді қалай тасығандарын, талай аттар ұрыс даласында арып,мерт болғанын, көз алдында қасиетті жануарлардың жау оғынан қалай мерт болғанын, жаяу арып-шаршап бастарынан өткерген ауыртпалықты есіне түсіріп әңгімелеуінен еш жалыққан емес. Бірінші Украина майданында жаумен шайқасып, кейін Воронеж, Мәскеу, басқа да көптеген қалаларды азат етуге қатысқан. Атам соғысты Фин соғысынан бастап, Берлинге дейін соғысты. Әр қаланы азат еткен күн дейді ең айтулы күндер екенін мақтанышпен есіне түсірді. Көзі тірісінде атам бізге соғыс оқиғаларын көп айтты. Соның ішінде қызық та, қайғылы да оқиғалар бар. Қыстың қақаған суығында қар жастанып, мұз төсенгенінде айтқаны есімде. Қатты суықтан майдандас достарының үсіп қалғанын да кеңінен әңгімелеп бергені жадымда. Сонда майдандас досының аяғындағы етігінен су өтіп қарып үсуге шақ қаларда атамыз немістің барлаушысымен жекпе-жек айқасқа түскенін айтып, ақыры қарулы атамның қолынан қаза болған немістің аяғындағы былғары офицердің етігін шешіп досына қалай кигізгенін де естідім. Атам әсіресе ең көп сәттерінде жекпе-жек немістермен осындай сәттерде тек барлауға шыққан уақытында бетпе-бет жолығып отырған көрінеді. Алтайдың тау тасын, өр-қиясын, асу белін көрген атам туған жердің арқасы ма дейді үнемі барлауға барлаушылардың қасына командирдің өзі бұйрығымен үнемі қосып жіберіп отырды дейді. Сондағы міндеті қатарлас барлауға аттанған барлаушыларды батпақты жерлерден қалай жол табуға, қалың ну орманды жерлерде із кесуде, ай далада қалай түнеп, қалай жаңбырмен қарлы боранда қорғануға болатындығыннан хабардар етіп, ту сыртынан келген жаудың тыншыларынан қорғау. Сонда тамақтың өзін каскаға қайнатып қар суын ерітіп ішкендерін, штыкпен қалай арпалысқандарын, жау танктерін қалай жарғандарымен мина жарықшасына қалай түскендерін де естіп, ерліктеріне де аң-таң болған едім. Бірде майданда снарядтың жарықшасынан жараланып госпитальге түседі. Сол уақытта жасалған ота кезінде жамбастың қалың етіне бойлап кеткен снарядтың жарықшасын алу мүмкін болмай қалып қойған. Атамыз сол кезде үнемі осы Алтайдан Қаратайдан аттанған сарбаздардың басым көпшілігі ат үстінде жүруге епті, суыққа төзімді, қиындықта мойымайтын өр азаматтар, өз қатарлас майдандас жерлес достарын айтып бір марқайып қалатыны да есімде. Оның «Осы соғыста мен көп достарымнан айырылдым. Біз бәріміз Қазақстаннан едік, жақын дос болдық. Қанша жыл өтсе де, сол жігіттердің бейнесін ұмытпадым. Бізге ең қиыны Беларусь батпағынан жүріп өту болды» деп үнемі айтады. Талай майдандастары сол батпақта мерт болып, талайы көз алдында жан тәсілім еткендігін естігенде жан түршігеді. Оңтүстіктің жылы жерінен шыққан адамдарға батпақ арасында жүру қиын болған көрінеді. Олар жылы күнгей жерден келіп, қалай жылыну, кебіну дегенді білмеді, алайда әр күн сабақ болды. Біз білмегенді олардан үйрендік, олар білмегенді басқа ұлттан үйрендік. Кей ұрыстарда өзге ұлттармен бірге болған сәттерімізде ымдап болсын жеткізетін болдық. Бірақ мақсат бір болғандықтан бәрі бауырмал болды. Ең айтулы шақтар әр ұрыстан аман-есен қалғанда шабыттанып ауылға хат жазатынбыз. Сол хаттар ауылға жеткенде қуаныш та қайғылы да болды. Өйткені қара қағаз алып жүректері қарс айырылып жатқандар қаншама болды», - дегені де болатын. Атамыздың ауылға жазған бір хатында өлең жолдарымен жазған хатында: Жолында отан қорғап армиямыз, Халық үшін, Отан үшін жан қиямыз. Келгенше жауды құртып аман-есен, Сау боп тұр, артта қалған жанұямыз. Біреуден ана менен ата қалған, Біреуде туысқан мен бала қалған. Туған жер, өскен жерім, жора-құрдас, Қайыр қош біз келгенше есен-аман, Қолға алып қару-жарақ міндік атқа, Жазармыз амандықты толық хатқа, Қайтамыз жауды жеңіп аман қалсақ, Сәлемім сұрай алған жұрағатқа...,-осылай делінген екен. Атамыздың есте сақтау қабілеті өте жақсы болатын. Қай кезде болмасын сол алғашқы елге жазған хатын да ұмытпай өлеңдетіп айтып беретін еді. Ия, ауылда ат үстінде өскен шаруа баласы қандай қиындық болмасын төзе білді. Жарылған снарядтпен мина жарықшасынан атам екі рет аяғынан жарақаттанған екен. «Әр мина ажал сынды еді дейді атамыз» Сол жарықшақтардың қалдығы атам денесінде өмір бойы қалған болатын. Мұхамади атамыз алғашқы майдан шебіндегі күндерінде еске алып айтып отыратын. «Ең алғашқы аптада нысанаға атуды, окоп қазуды үйретіп, ұрысқа дайындады. Содан кейін бізді майданға жіберді. Мен соғыста атқыш болдым. Жаудан «тіл» әкелу үшін басымды өлімге талай рет тіктім…», – деп еске алады ол кездерді. Қыста қатты боранның астында қалған күндері, майдандас достарын жоғалтқанын да атамның өз аузынан естіген едім. Тіл әкелу деген немістің жан-жақты дайындалған қарулы, әрі мерген, ең кәсіпқой деген жандарын барлаушыларын өлтірмей аман-есен әкелу дейді атамыз. Бұл ең жауапты міндеттер еді. Оның майданда көрсеткен барлық ерлігін тауысып айту мүмкін емес. Жұбайы болған Бакимбаева Нұрлықа әжем де атам майданда болғанда тыл еңбегінде ерен еңбек атқарған жандардың бірі. Әжемнің сабырлы мінезімен, байсалды ақ көңілдігімен есімде қалыпты. Алайда атам соғыста жараланып қайтты. Атамыз жаудың снарядының жарықшасын өзіммен бірге о дүниеге ала кетемін те айтып отырушы еді жарықтық. Десем де атамыз қарулы, қуатты жан еді. Соғыстан кейін бейбіт өмірде колхозда шопан, кейін совхоз құрылғанда жұмысшы болды. Осы қара күштің, аянбай қызмет етуінің, үздіксіз қозғалыстың арқасында 100 жасқа тақау ғұмыр кешті. Құжат бойынша 1912 жылы туған делінсе, әкемнің ағасы марқұм Әскерхан ағамыздың айтуынша сәл ертерек дүниеге келген екен. Жалпы арғы аталарымызда ұзақ жасаған көрінеді. Солардың бірі ұзақ жасаған туысқаны Дәуіт атамыздың өзі де 105 жастай ғұмыр кешкен жандардың бірі. Дәуіт атамыз да осы Мұхамади атамның өзін көтеріп арқама арқалап жүретінмін дегені де жадымда қалған еді. Атамызбен бірге бір үйден аттанған Солтанғазы атамыз да ауылға аман-есен оралып, ауылдағы мектепте ұстаз болған ұлағатты жандардың бірі. Солтанғазы атамыз да бірнеше мәрте ерлік көрсетіп ордендермен марапатталған. Аталарымыздың ерліктерін, жастық шағындағы оқиғалары жайында көбінесе марқұм Абалақов Әскерхан Мұхамадиұлы ағамыздан естігенмін. Ұлы Жеңіс сыйлаған аталарымыз мәңгі есімізде қала береді. Ия, Отан, туған жер деген қандай ыстық ұғымдар. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек. Бейбіт күннің жас сарбаздары үшін отансүйгіштік деген ең асыл сезім. Ұлы Отан соғысы кезінде жаңбырдай жауған оқтың астында апталап, айлап, тіпті жылдап қан кешіп, мұз жастанып, қар жамылып, қанын төккен аталарымызды, тылда арып-ашып еңбек етіп, осындай өмірге жеткізген әже-аталарымыздың алдында біз өмір бақи қарыздармыз. Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып қала бермек. Қаһармандық пен ерліктің арқасында ұлтымыздың биік рухы мен бірлігін көрсеткен ардагерлеріміздің алдында тағзым етеміз. Себебі, Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал ардақты ардагерлеріміздің майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Бүгінгі ұрпақ жарқын да бейбіт болашақта өмір сүруі үшін қан майданды бастан кешірген ардагерлеріміздің ерліктері мәңгілік ел есінде қалады. Бұл мерекеде Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Дидар Оралбекұлы. PS. Ұлы Жеңістің 55 жылдығында 2000 жылдары Катонқарағай аудандық «Арай» газетіне Қайырды Назырбаев ағамыздың «Тоқсаннан асқан майдангер» атты атамыз жайлы мақаласы да жарық көрді. «Ерлік дастаны» атты кітапқа да енгізілді.

Регион Республика Казахстан
Воинское звание Ефрейтор
Населенный пункт: Усть-Каменогорск
Место рождения Катон-карагайский район с.Енбек
Годы службы 1941 1945
Дата рождения 9.03.1912
Дата смерти 2005

Боевой путь

Место призыва Катонкарагайскиий рай. военкомат
Дата призыва 7.06.1941
Завершение боевого пути Берлин
Принимал участие Украина, Берлин, Москва
Госпитали Украйна, Ленинград

Воспоминания

Майданнан естелік

Украина түбіндегі шайқаста қалай жаумен қақтығысқандарын айтып беріп еді. Көз алдына сол күндерді елестеткен қарт атам қатарлас майдандастарының көз алдында жан тапсырғанын айтып ауыр бір күрсініп, жекпе-жек бір немістің тыңшысынан өш алғанын әңгімелеп берді. Қаншама жау танкісімен бетпе бет келгенде көз алдына сол майдандастарының бейнесі келіп, гранатамен олардың да көзін жойған сәттері өлім мен өмір арасындағы арпалыстар еді дейді атамыз. Қатарлас майдандастырының ішінде әсіресе қазақстандық қара көз майдандастарын үнемі олардың жасаған ерлігін айтып, марқайып отыратын. Атамның айтуынша әсіресе атты әскер, барлау шебіндегілердің басым көпшілігі қазақтар болған екен. Бәрі де ауылдан шыңдалып шыққан қандай қиындық болмасын, табиғаттың қай мезгілі болмасын төзімді әрі қарулы, шетінен мерген еді дейді. Сонау батыс майдан шебінде Украина даласында Берлинге дейін жаудың шебін бұзып тойтарыс жасаған қазақ жауынгерлерін үнемі айтатын. Қазақ майдандастарының қайтпас ер жүректіліктерін өз көзімен көрген атамыз да қайсар сарбаздың бірі болған. Зыряннан Өскеменге дейін вагондармен бірге келген жерлестерін қалай қимай ары эшалонға бөлініп тарқағанын ерекше еске алды. Катонқарағайдың өзінен бес мыңнан астам адам аттанған. Катонқарағайдан аттанған жерлестерінің өзі вагонға сыймай келгендерін айтып, ел мен жермен қош айтысып, мінген вагон бәрі үшін ыстық екендігін де жеткізді. Сол вагон біреу үшін қайта оралатындай көрінсе біреуге оралмайтындай болды дейді қатты күрсініп...

Награды

Документы

Письма

Атамыздың ауылға жазған бір хатында өлең жолдарымен жазған хатында:
Жолында отан қорғап армиямыз,
Халық үшін, Отан үшін жан қиямыз.
Келгенше жауды құртып аман-есен,
Сау боп тұр, артта қалған жанұямыз.
Біреуден ана менен ата қалған,
Біреуде туысқан мен бала қалған.
Туған жер, өскен жерім, жора-құрдас,
Қайыр қош біз келгенше есен-аман,

Қолға алып қару-жарақ міндік атқа,
Жазармыз амандықты толық хатқа,
Қайтамыз жауды жеңіп аман қалсақ,
Сәлемім сұрай алған жұрағатқа...,-осылай делінген екен. Атамыздың есте сақтау қабілеті өте жақсы болатын. Қай кезде болмасын сол алғашқы елге жазған хатын да ұмытпай өлеңдетіп айтып беретін еді.

Фотографии

После войны

Колхозда кейін совхозда жұмыс атқарды

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: